Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қарақшылар тобы құрықталды

Алматыда қарақшылар тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған қылмыстық топтың 27 жастағы екі мүшесі де бұрын сотталған Түркістан облысының тумалары.

– Сот алды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдіктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Үндістан азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған. Шетел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан екі млн теңге көлемінде қаржыны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, аталған ауыр қылмыстарды ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірген.

– Кейінірек белгілі болғандай, күдіктілер бұған дейін Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында орналасқан лото клубқа да шабуыл жасаған. Қазіргі таңда ұсталған екеудің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда, – деп атап көрсетті Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру