Алматыда ҚАЖ мамандары 7 мыңға жуық оқушыға кәсіптік бағдар берді
Алматыда Қостанай академиясының басшылығы мен ҚАЖД қызметкерлері жеті мыңға жуық оқушыға кәсіптік бағдар берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі Істер министрінің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қостанай академиясы бастығының орынбасары Бақытжан Садыбеков, аға оқытушы Мадияр Қалқаманұлы және докторант Г.Елеусізова Алматы қаласы ҚАЖД кадр басқармасының бастығы А.Жанаманова және аудандық пробация қызметінің басшылары Алматы қаласындағы 104 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқан оқушылар саны – 6888.
Жиын барысында аталған мамандар оқушыларды Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу шарттарымен таныстырып, оларға құжат қабылдау тәртібі мен оқуға түсу кезеңдері туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар оқушыларға ішкі істер органдарында қызмет өткерудің жеңілдіктері және жауапкершіліктері түсіндіріліп, Қостанай академиясы туралы бейнефильм көрсетілді. Кездесу соңында аталған академияға түсу шарттары жазылған буклеттер таратылды.