Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚАЖД қызметкерлеріне азаптаудың алдын алу тақырыбында тренинг ұйымдастырылды

Алматыда ҚАЖД қызметкерлеріне азаптаудың алдын алу тақырыбында тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің қызметкерлері үшін "Қадыр-қасиет" қоғамдық қорының қолдауымен "Азаптаудың, қатыгездік пен адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын әрекеттердің алдын алу мен жазалау және кінәсіздік презумпциясы" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренингті ашқан департамент бастығының орынбасары Е.Жекенов аталған тренингтің мақсатына тоқталып, басқосуда талқыланатын тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ ол қылмыстық-атқару мекемелерінің қызметкерлеріне әр тәрбие сабағы сайын сотталғандарды азаптауға жол бермеу жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Маңызды басқосу барысында "Қадыр-қасиет" қоғамдық бірлестігінің директоры заң ғылымдарының кандидаты Анар Ибраева, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы қаласы бойынша өкілі Қазбек Малдыбаев, Алматы қаласы Ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі Жанар Әбдіқалықовалар "Азаптаудың өзекті мәселелері", "Азаптаудан бостандық: құрамы, элементтері, стандарттары", "Ұлттық алдын алу тетігі азаптауға қарсы құрал ретінде" тақырыптарында әңгіме өткізді.

Білікті мамандар өткізген тренингте ҚАЖД қызметкерлері заңнамалардағы азаптаудың алдын алуға қатысты сұрақтарға жауап беріп, осы бағыттағы жұмыстар туралы пікір алмасты. Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру