Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қиын жасөспірімдердің тәртібі арнайы комиссияда қаралды

Алматыда қиын жасөспірімдердің тәртібі арнайы комиссияда қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, бақылаусыз қалу жағдайларының алдын алу және ата-аналар мен балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Аталған іс-шара аясында Медеу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында ата-аналық міндеттерін үнемі орындамай келе жатқан 40 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты іс қаралды. Талқылау нәтижесінде бұл мәселеге қатысты материалдарды ата-ана құқықтарын шектеу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотқа жолдау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар сабаққа үнемі қатыспайтын кәмелетке толмаған жасөспірімнің ісі қаралды. Комиссия баланы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына орналастыру жөнінде материалдарды сотқа жолдауға шешім шығарды.

– Мұндай шешімдер тек ерекше жағдайларда, басқа алдын алу шаралары нәтиже бермеген жағдайда ғана қабылданады. Біздің мақсат – жазалау емес, жасөспірімнің өміріне қауіп төнген сәтте уақытылы араласу. Өкінішке қарай, көп жағдайда балалардың қиын жағдайға тап болуына ересектердің немқұрайлығы себеп болып отыр. Биыл – Алдын алу жылы. Осыған орай, ата-аналарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Бала тәрбиесі – отбасынан басталады, үлкендер үлгі болуы тиіс, – деді комиссия отырысында Ілияс Өмірсеріков.

Қазіргі таңда қаланың барлық аудандарында профилактикалық шаралар белсенді түрде жалғасуда. Полиция қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың жағдайына бей-жай қарамауға, мектеп пен профилактикалық органдармен тығыз байланыста болуға шақыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру