Алматыда қоғамдық көлік ұрысы ұсталды
Криминалдық полицияның мәліметінше, 41 жастағы қаскөй қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. Жақында ол 201-бағыттағы қоғамдық көлікте ұялы телефонды ұрлап, оның иесіне 380 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері Әуезов аудандық ПБ әріптестерінің көмегімен 41 жастағы Х. есімді азаматты ұстады. Күдікті бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеушілер күдіктінің қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Оны ұстау кезінде одан бес мобильді құрылғы тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.