Алматыда қоғамдық көліктердегі камералардың көмегімен қалта ұрлығы азайған
Алматыда қоғамдық көліктердегі камералардың көмегімен қалта ұрлығы азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сараптамаға сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айында күн сайын 80 ұрлық жасалса, сол жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш күніне 36 ұрлыққа дейін төмендеген.
– Тіркелген қылмыстардың жалпы санында бөтеннің мүлкін ұрлаудың үлесі 49,2%-ды құрайды. Бүгінгі күні пәтер ұрлығы (3,4%), қалта ұрлығы (4,2%), автокөлік салонынан ұрлық (19,2%), бүйір айна ұрлығы (3,4%) және тағы басқа ұрлықтың ашылуы жақсарды. Бұл көрсеткішке жету ұрлыққа қарсы құрылған топтардың жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда да, қоғамдық көліктерде де бейнебақылау камераларын орнатудың арқасында мүмкін болды, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.