Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда "Қоғамдық сенім – адал қызмет нәтижесі" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Алматыда "Қоғамдық сенім – адал қызмет нәтижесі" тақырыбында полиция қызметкерлерімен көшбасшылық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара Алматы қаласы полиция департаментінің клубында ашық пікірталас форматында ұйымдастырылды.

Кездесуге ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы, "Ұлттық антикоррупциялық желі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық бақылау саласында ұзақ жылғы тәжірибесі бар сарапшы Алик Шпекбаев қатысып, полиция қызметінің негізгі құндылығы – қоғам сенімі екенін атап өтті.

– Қоғамға заңдарды түсіндіруіміз, құқық бұзушылықтарды болдырмауымыз және полиция жұмысының ашық әрі әділ екенін көрсетуіміз қажет, – деді Алик Шпекбаев.

Кездесуді жүргізген Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Әділғожа Құсайынов мемлекет тарапынан қызметкерлерге көрсетілетін жүйелі қолдауды атап өтті: жалақыны көтеру, тұрғын үй мәселелерін шешу, қаза болған қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік қамтамасыз ету, балаларға арналған гранттар мен жеңілдіктер, зейнетақыны күшейту.

– Бұл шаралар бір реттік емес, олар полиция қызметкерлерін қолдаудың ұзақ мерзімді жүйесін қалыптастырып, кәсіби ынтаны арттырады, – деді Құсайынов.

Көшбасшылық кездесу диалог форматында өтіп, қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, қызмет барысында антикоррупциялық заңнаманы сақтау тәжірибесін талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру