Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық тәртіп пен көші-қон саласы бойынша полиция кеңесі өтті

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қоғамдық қауіпсіздік, әкімшілік полиция және көші-қон қызметі басқармаларының жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру, сондай-ақ көші-қон саласындағы есепке алу және тіркеу рәсімдерінің сапасын жақсарту мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиында алдын алу жұмыстарына басымдық беру, нысаналы профилактиканы күшейту, құрылымдық бөлімшелер арасындағы үйлесімді іс-қимылды арттыру, сондай-ақ "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қызметтік тиімділікті көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

– Біздің негізгі міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және мегаполистегі тұрақтылықты сақтау. Әрбір бөлімше тұрғындардың мүддесі үшін, нақты нәтижеге бағытталып, бірлесе жұмыс істеуі тиіс, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстың сапасын одан әрі арттыруға және полицияға деген қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру