Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды
Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Алмалы ауданында 45 жастағы азамат қоғамдық орында тәртіп бұзып, дәмхана қызметкерлерін балағаттаған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
- Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз, - деді Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, мәдениетті қарым-қатынас орнатуға және бір-біріне құрметпен қарауға үндейді. Өйткені дұрыс мінез-құлық – қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықтың кепілі.