Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты

Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңес отырысында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД басшысының айтуынша, жыл басынан бері қалада қылмыс деңгейі 9,6% төмендеген. Ауыр қылмыс саны – 3%, зорлау – 12,5%, бөтеннің мүлкін ұрлау – 31,6%, интернет-алаяқтық – 14,5%, тонау 28,7%, бопсалау 8,3% азайды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс деңгейі де төмендеген.

ПД бастығының айтуынша, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар да азайған.

– Алматы полициясының қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Жалпы, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда: қылмысты ашудың тиімділігі, оның ішінде “ізін суытпай” ашудың тиімділігі артты. Биылғы жылы атқарылған бірқатар іс-шаралар қылмыстың азаюына ықпал етті. Біз еліміздің Ішкі істер министрлігінің және әкімдіктің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараны қолданып жатырмыз, – деді Алматы полициясының бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру