Алматыда қызды кабинаның сыртына шығарған шетелдік көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды
Мамандандырылған батальон қызметкерлері қызды кабинаның сыртына шығарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
25 жастағы М.азамат "Toyota" көлігін басқарып, әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қызды кабинаның сыртына шығарды, сол арқылы ол жол жүру ережесін өрескел бұзды.
- Автокөлік жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасалды, - деді полицияда.