Алматыда қызыл кітапқа енген сексеуіл саудасы тоқтатылды
Наурызбай ауданының экологиялық полициясының қызметкерлері Алматы экология Департаментінің өкілдерімен бірлесіп, экологиялық құқық бұзушылықтар тақырыбында рейдтік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Іс-шара жұмыстары кезінде сексеуіл ағаштарын көп мөлшерде сату орны анықталды. Өздеріңіз білесіздер, 2004 жылдан бастап елімізде өсімдіктің осы түрін сатуды қоса алғанда, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл тектес ағаштардың барлық түрлерін кесуге тыйым салынды. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, адамдар, біздің көріп отырғанымыздай, экологиялық заңнаманы бұзуды жалғастыруда, осылайша табиғатқа түзетілмейтін залал келтіреді. Сатушыға қатысты сексеуілді сатқаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 196-бабы (Тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз сату) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұдан басқа, одан әрі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында онымен алдын-алу әңгімесі жүргізілді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.