Алматыда рейд барысында 50-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Алматыда рейд барысында 50-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының полицейлері азаматтардан бірнеше рет келіп түскен дабылдарға жауап бере отырып, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жергілікті рейд жүргізді. Әсіресе жақын маңдағы тұрғындарды қоғамдық орындардың ластануы, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы алаңдатады.
– Жылы, қолайлы ауа-райының басталуын ескере отырып, қала тұрғындарының да, қала қонақтарының да демалыста келетін сүйікті орны болып табылатын саябаққа келушілер саны айтарлықтай өсті, олардың арасында, өкінішке қарай, мүлдем мәдениетсіз азаматтар да бар. Олар, әдетте, қоғамдағы қарапайым өзін-өзі ұстау ережелерін білмейді және қаланы абаттандыру нормаларын сақтамайды. Мәселен, саябақта жүргізген тексерісімізде, көгалдар мен жасыл алқаптарды аяқтарымен басып жүрген, қоқыстарды белгіленбеген жерлерге лақтырған, ішімдік ішетін құқық бұзушылар анықталды. Ұзақ жылғы тәжірибемнен мұндай іс-шаралар қашанда тиімді болып, адамдарды өз іс-әрекеті туралы ойлануға мәжбүр ететініне сенімді түрде айта аламын, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Сондай-ақ баяндамашы, бұл іс-шараға учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлері де тартылғанын атап өтті.
Тек бір рейд барысында саябақта 50-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаланы абаттандыру ережелерін бұзу, жабайы сауданы ұйымдастыру, саябаққа іргелес аумақтарда көліктерді қою ережелерін бұзу.
– Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа бұрыңғы қалпында берілуі тиіс тарихи-сәулеттік нысандарды құрметтеуге шақырамыз, – деді Ілияс Өмірсеріков.
Жыл басынан бері Медеу ауданының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарды ластаудың 904 дерегін, қаланы абаттандыру ережелерін бұзудың 1 мың 586 дерегі, 66 көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 352 дерегін және т.б.анықтады.