Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Сергек-Патруль” жаңа жүйесі 50-ден астам бұзушылықты анықтады

Алматыда “Сергек-Патруль” жаңа жүйесі 50-ден астам бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Сергек-Патруль” кешенінің көмегімен қаладағы жол қозғалысы жағдайына теріс әсер ететін және жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзулар анықталды.

Бұл – техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ, ұрланған немесе қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген, жалған нөмір таққан көлік, сондай-ақ айыппұлдары төленбеген жүргізуші.

Сонымен қатар, жүйе қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы бұзушылықтарды тіркеп, жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін деректерді автоматты түрде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді. Полицияда автоматтандырылған бағдарламалық кешен “Қорғау” мобильді қосымшасымен біріктірілгенін айтты.Ол өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты: құрылғы қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да жақсы жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру