Алматыда шаруашылық қызметіндегі сотталғандар Бірлік күнін атап өтті
Бірлік күніне орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесіндегі шаруашылық қызметіндегі сотталғандар мерекелік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұнда әр ұлттың өкілдері ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп, ән мен биден өнер жарыстырды.
- 1 мамыр – кең байтақ қазақ жерін мекендеген сандаған ұлт өкілдерінің ынтымағы мен жарасымдылығын насихаттайтын бірлік мерекесі. "Бірлік болмай, тірлік болмас" деген аталы сөзді қасиет тұтатын қазақстандықтар үшін бұл мерекенің маңызы зор. №72 мекемесінде бұл күн жыл сайын аталып өтіледі. Себебі аталған мерекенің сотталғандарға берер тәлім-тәрбиесі мол, - дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Тұрлыбеков.
Мерекелік іс-шара барысында белсенділік танытқан сотталғандарға мекеме бастығының алғыс хаты табысталды