Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда шетел азаматтары заңсыз жеке тасымалдаумен айналысып жүрген

Алматыда шетел азаматтары заңсыз жеке тасымалдаумен айналысып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері олардың бірін Алматының Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылы бойында ұстады.

– 26 жастағы Х. есімді Әзірбайжан азаматының жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқаны белгілі болды. Ал Жетісу ауданының тәртіп сақшылары интернет қосымшасы арқылы жеке такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 45 жастағы азаматын анықтады. Екі шетелдіктің де әрекетінен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық белгілері анықталды. Іс-материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полиция, 2-8 қазан аралығында қалада «Заңсыз келуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын еске салды. Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру