Алматыда, Шымкентте және Түркістан облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Топ мүшелерінің «қаңтар оқиғасының» белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды.
Полицияға 20 күдікті жеткізілді.
40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді.
Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.
Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.