Алматыда сотталған балалар Алғыс айту күнін атап өтті
Алматы қаласындағы балалар колониясында жазалы жасөспірімдер Алғыс айту күнін салтанатпен атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан балалардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар.
– Ұлтаралық сыйластық қарым-қатынасты бірлікте ұстау мақсатына орай пайда болған бұл мерекенің сотталған балаларды тәрбиелеуде өзіндік маңызы зор. Алғыс айту күні еліміздің өткен тарихына көз жүгірте отырып, қиын-қыстау кезеңдердегі қазақ халқының кеңпейілділігі, қонақжайлығы, бірлігі туралы да айтылды. Балалар мерекеге орай жүректен шыққан лебіздері мен өлең шумақтарын ортаға салды, – дейді жасақ бастығы Б.Жақанов.
Мерекелік кеш барысында сотталған балалар өз алғыстарын әр ұлттың тілінде жеткізіп, ынтымақтастықтарын нығайта түсті.