Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған балалар Наурыз мейрамын атап өтті

Алматы қаласы ҚАЖД мекемесіндегі сотталған балалар арасында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызнама онкүндігі аясында мекеме ішіндегі мектептің ұстаздары балаларға Көрісу күні, Қайырымдылық күні және Ұлттық киімдер күні сияқты атаулы күндерді насихаттап, ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз жайлы әңгіме өткізді. Сондай-ақ ұстаздар слайдтар, әртүрлі көрнекі құралдар мен материалдар арқылы ұлтымыздың қайта жаңғырып жатқан әдет-ғұрыптарын терең түсіндірді.

Мекеме қызметкерлері мен тәрбиеші мамандардың жетекшілігімен жазалы балалар Жаңару күнінде ағаштардың түбін қопсытып, айналаны тазаласа, Ұлттық ойындар күнінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Наурыз салтанатында Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері мен арнайы қонақ болып келген өнерпаздар жазалы жасөспірімдерге әннен шашу шашып, кітаптар көрмесін ұйымдастырырді және кітапхана атынан жасөспірімдерге алғыс хаттар тапсырып, кітаптар сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру