Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған балалар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алматыда сотталған балалар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер Ұлы Жеңіс күні құрметіне өткізілген іс-шарада сарбаздар туралы сахналық қойылымдар мен соғыс туралы бейнеклиптерді тамашалады.

Салтанатты іс-шараға қатысушылар Отан үшін жан қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Олар Жеңіс күніне жете алмаған сарбаздардың рухына осылай құрмет көрсетті.
Сотталған балалар Жеңіс мерекесіне арнайы келген Алматы сән және дизайн колледжінің студенттерімен бірге концерттік бағдарлама әзірлеп, соғыс жылдарындағы жалынды әндерді шырқады. Мекеме ауласында жазалы балалар “Ұлы Жеңіс күні" әнін колледж студенттерімен қосылып айтып, рухты әннің мағынасымен шабыттанды.

№11 мекеме ішіндегі жалпы білім беретін мектептің ұстаздары ұйымдастырған бұл мерекенің маңыздылығы – балалардың санасына бүгінгі бейбіт өмірдің қандай құрбандықтармен келгенін сіңіру болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру