Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған балалар жаңа жыл мерекесін тойлады

Алматыда сотталған балалар жаңа жыл мерекесін тойлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы сотталған балалар жаңа жыл мерекесін ерекше қуанышпен атап өтті. Жаңа жылдық мерекені Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінің бастығы Алмат Сүлейменов құттықтау сөзбен ашып, мекеменің жеке құрамы мен жасөспірімдерге жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.

Жасөспірімдерді жаңа жылмен құттықтауға Алматы қалалық мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» атты ұжымы мен бірқатар танымал өнер жұлдыздары келді.

Жаңа жылдық шырша мерекесіне келген қонақтар жасөспірімдерге қызықты ойындар ойнатып, флешмоб биге қатыстырды және өздері де өнер көрсетті. Сондай-ақ Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері де құттықтау сөз сөйлеп, жасөспірімдерге жаңа жылдық сыйлықтар үлестірді.

Мерекелік іс-шара 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың жол картасын іске асыру аясында өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру