Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған жасөспірімдер қоғамдық қордың мамандарымен кездесті

Алматыда сотталған жасөспірімдер қоғамдық қордың мамандарымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толады. Соған орай "Human Rights Lawyers" қоғамдық қорының мамандары Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолдауымен Алматыдағы балалар колониясына келіп, сотталған балаларды алда келе жатқан ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесімен және енді аз күннен соң басталатын жаңа оқу жылымен құттықтады.

Сонымен қатар қоғамдық қор демеушілер мен еріктілердің қолдауымен балаларға жаңа оқу жылының басталуына орай мектепке керек кұралдар тарту етті.

Жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру