Алматыда сотталғандар қуыршақ театрының өнерін тамашалады
Алматыда сотталғандар қуыршақ театрының өнерін тамашалады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі сотталған балалар мемлекеттік Қуыршақ театрының "Қуыршақ думан" деген сахналық қойылымын тамашалады. Тәрбиелік мәні зор қойылым жазасын өтеуші жасөспірімдерге зор қуаныш сыйлады. Театрды қызыға тамашалаған балалар қуыршақтар өнерінен мол мағлұмат алып қана қоймай, өздерінің де бала шақтарын еске түсіріп, риза болды. Қойылым соңында жасөспірімдер театр артистерімен кездесіп, олардың өнер жолындағы қызық оқиғаларымен танысты.
- Біз жыл сайын осы балалар колониясына келіп өнер көрсетеміз. Біздің өнерімізді жазалы балалар қуана тамашалайды. Мекемеде жазасын өтеп жатқан балалар қандай қылмыс жасаса да олар әлі бала ғой. Балалықпен қателесіп, темір торға түскені әрине жанды ауыртады. Біз өз өнерімізбен олардың жүрегіне сенім орнатып, жақсы өмірге деген үміттерін арттырамыз деп ойлаймын. Жасөспірімдердің тезірек бостандыққа шығуларына тілектеспіз, - дейді театр әртісі Эльмира Кумарова.