Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандар ұлттық мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Ұлттық мереке – Республика күнін Алматыдағы тергеу изоляторындағы шаруашылық жасағындағы сотталғандар да зор қуанышпен атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты жиында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рауан Шаяхметов құттықтау сөзбен ашып, жеке құрам мен сотталғандарды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

«Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыппен өткен салтанатты кеште шаруашылық жасағының сотталғандары шабытты жыр жолдарымен өрнектеді. 

Жазалы жандар бұл кеште еліміздің ең құнды құжаты – Егемендік туралы декларацияның қабылдану тарихын бөлісіп, осындай тарихи оқиғалардың куәсі болған заманда өмірге келгендерін зор мақтанышпен жеткізді.

120 ұлттың өкілдері тұратын Қазақстанда қазақ халқының байырғы, төл мәдениетімен, салт-дәстүріне адалдығымен ерекшеленетінін атап өткен сотталғандар жарқын болашақтан өз орындарын табатындарына сенім білдірді.

Салтанатты кештің соңында сотталғандар Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін шырқады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру