Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Алматыда сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағдырдың тура жолынан тайып, қылмыс жасағандарды қоғамға қайта пайдалы адам ретінде қайтарудың бірден бір тиімді жолы – жұмысқа орналастыру. Бұл орайда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның қауіпсіздігі барынша төмен №13 мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Мекемедегі сотталғандардың басым бөлігі бүгінгі нарық заманында табыс көзін таппай әртүрлі қылмысқа ұрынып, бас бостандығынан айырылғандар. Осыны ескерген мекеме әкімшілігі қаладағы кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізіп, сотталғандарды жұмыспен қамтуда.

Мекеме әкімшілігінің осындай жұмыстарының нәтижесінде бүгінде 30-дан астам сотталған Алматы қаласындағы автоклавты газдалған бетон блок шығаратын зауытқа жұмысқа орналастырылған. Зауыт басшылығы жақсы жұмыс істеген сотталғандарға колониядан босатылған соң да жұмыс орындарын ұсынуда.

Солардың бірі зауытта жұмыс істеп жүрген Е.есімді азамат. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 193 және 147 баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін үш жыл алты айға сотталған болатын. Еркіндікке шыққан соң да завод басшылығы Ерханның өзі еңбек етіп жүрген цехтағы жұмысын жалғастыруға ұсыныс жасап, ол қазір еселі еңбектің үлгісін көрсетуде. Мұндай ұсыныстар өмірде қате басқан адамдардың, екінші рет қателеспеуіне оң ықпал ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру