Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандарға әлеуметтік тренинг өткізілді

Алматыда сотталғандарға әлеуметтік тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Social project management орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Аталған келісімнің мақсаты – түзеу мекемелерінде және одан босатылғаннан кейін де қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету және осы салада тиімді ынтымақтастық орнату.

Меморандум аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қорының өкілдері шілде айында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11, №72 және № 13 мекемелерінде болып, сотталғандармен 6 кездесу өткізді. Кездесу барысында адамның өзін-өзі бағалау қасиетін арттыру, суицидтің алдын алу, сонымен қатар еркіндікке шығуға психологиялық тұрғыдан даярлау сияқты түрлі тақырыптарда тренингтер ұйымдастырылды.

Тренинг барысында психологтар сотталғандарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделу, отбасы мүшелерімен жаңа қарым-қатынас орнату туралы өзара әңгімелер өткізіліп, сотталғандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру