Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталғандарға дәріс өткізілді

Алматыда сотталғандарға дәріс өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінде “Наркостоп — 2025” жобасы аясында сотталғандар үшін “Есірткіге тәуелділікте ата-аналардың рөлі” тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Сотталғандарды босатуға дайындық жұмыстары шеңберінде өткізілген дәрісте “Наркостоп” қоғамдық қорының психологы Ерлан Тажибаев пен Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Сұлушаш Досболова сотталғандарға балаларды нашақорлықтан қорғау, олармен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізу қажеттілігі жайлы кеңінен әңгіме өткізді.

Жастар арасында есірткіге тәуелділікті болдырмаудың нашақорлыққа қатысты қылмыстардың алдын алатынын және бұл мақсатта ата-аналардың ролі жайлы құнды пікірлер айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру