Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды

Алматыда стробоскопты пайдаланған Gelandewagen жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше талаптарын бұзған ҚР әкімшілік заңнамасын өрескел бұзу дерегі анықталды.

– 23 жастағы И.есімді азамат анықталып, ұсталды. Ол құқық бұзушылық дерегін бірден мойындап, бейнероликке түсіру қажеттігін түсіндірді. Бұл уәж құқық бұзушының әрекетін ақтамайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды: алты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік іс қозғалды:

ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу;

 ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі – жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалануы;

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі – техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақаулар немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар болған кезде көлік құралдарын жүргізу;

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 бөлігі – көлік құралына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату;

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі – жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгі) бар көлік құралын басқару, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды белгілеуге мүмкіндік беретін құрылғылармен және материалдармен жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу;

ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабы 3-бөлігі – жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының арнайы түсті схемаларын көлік құралының сыртқы беттеріне заңсыз қолдану.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру