Алматыда тағы бір полиция сыныбы ашылды
Алматыда тағы бір полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты шара қаладағы №102 орта мектепте өтті. Оған Алматы қалалық полиция департаменті қызметтерінің басшылығы, «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары, жоғары сынып оқушылары, оқытушылар, ҚР ІІМ Алматы академиясының курсанттары, патрульдік полиция қызметкерлері, ІІО-ның зейнеткерлері қатысты.
– «Жас сақшы» полиция сыныптарын құру, ең алдымен, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бастамашылық ІІМ үшін полицияның кәсіби өзегін сақтаудың, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің, уақыт өткен сайын қалыптасқан озық дәстүрлерді насихаттаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді. Осы сәтті пайдалана отырып, жас тәртіп сақшыларын мектеп бітірген соң ІІМ жоғары оқу орындарына түсіп, Қазақстанның гүлденуі, Отанын сүю, әрбір адамның бірлігі мен сенімін бағалау жолында ішкі істер органдарында қызмет етуді жалғастыруға шақырамын, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
– Құрметті балалар! Елдің одан әрі әл-ауқаты сіздің белсенді өмірлік ұстанымыңызға байланысты болады. Әрқайсыларыңыз Отанымыздың лайықты азаматы болып өсетіндеріңізге, кадет абыройын үстем ететіндеріңізге сенімдімін. Бауыржан Момышұлының «Ешкім де батыр болып тумайды. Мінез сияқты, тәрбиемен бірге қалыптасады» деген сөзі бар ғой. Сондықтан, құрметті жас достар, еліміздің болашағы сіздердің, дені сау жас ұрпақтың қолында. Осыны әрқашан есте сақтаңыздар, – деді Алматы қаласы ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Асыл-Кеней.
Полиция сыныбының оқу жоспарында негізгі пәндермен қатар құқықтану, алғашқы әскери дайындық және басқа да арнайы пәндерден сыныптан тыс факультативтік сабақтар да қарастырылған.