Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлерімен анықталғандай, И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге белсенді қатысқан, сонымен қатар ірі қару дүкенін тонап, одан 10 патрондары бар “BrowntnG” тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен.

Қаскөй мылтықты бесінші ықшамауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне тығып қойған.

Бірнеше күннен кейін күдікті таксиге отырып, мылтық жасырынған жерге келген. Көлік жүргізушісі жолаушының теледидар жәшігіне қару жасырып жүргенін байқап, полицияға хабарлаған.

Тұтқындау кезінде И.есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласының комендатурасы қамқор тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру