Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Алматыда такси жүргізушісі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түрксіб аудандық көші-қон қызметінің қызметкерлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаған такси жүргізушісін анықтады.

– Жергілікті іс-шара барысында Сейфуллин даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында танымал ресурсқа тіркеліп, жолаушылар тасымалымен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматы 27 жастағы М. есімді азаматтың басқаруындағы Chevrolet көлігі тоқтатылды. Шындығында оның мұндай құқығы болмаған. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс жүргізу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ жұмыс берушіге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 2-бөлігіне сәйкес жеке материал бөлінді. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Асхат Бутунчинов Алматыда «Нелегал» іс-шарасының аяқталғанын хабарлады.

– 8 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 665-і шетел азаматтары. Сот шешімімен 70 шетелдік ҚР аумағынан шығарылды. Сонымен қатар шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 531 отандасымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 33 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Құжатсыз жүрген 275 шетел азаматы жеке басын анықтағанға дейін ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды, – деді Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру