Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД екі апта бұрын Түрксіб ауданында ауыр қылмыс орын алғанын еске салады.

– Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған. Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық ПБ-ның қызметкерлері кірді. Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Алайда бекер – қазір күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Қылмыскерлер басқа біреудің көлігін кәдеге жарата алмады. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Олар – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.

– Маған шабуыл жасаған адамдардың ұсталғаны туралы хабарлағанда, шынымды айтсам, мен қатты қуандым. Полиция қызметкерлеріне кәсіби қызметі үшін алғыс айтамын, — деді қарақшылардың қолынан жапа шеккен алматылық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру