Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тамақтану орнынан касса жәшігін қолды еткен күдікті ұсталды

Алматының Жетісу ауданында қоғамдық тамақтану орнынан касса жәшігін ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, нысанға заңсыз кіріп, қаражатты қолды еткен күдіктіні анықтап, ұстады.

- Біз әрбір осындай дерекке дереу әрекет етіп, құқық бұзушыларды анықтап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Кез келген ұрлық әрекеті заң аясында және толық көлемде қатаң түрде тоқтатылады. Күдікті ұсталғаннан кейін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіледі. Полиция азаматтарды кез келген күмәнді жағдай туралы дереу хабарлауға шақырады және уақтылы жүгіну қылмыстарды жедел ашуға үлкен ықпал ететінін еске салады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру