Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шайнектің ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды
Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шайнектің ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің сәлемдемелерді қабылдау-тексеру бөлмесінде 1990 жылы туған Р. есімді жігіттен шайнектің ішіне салып өткізбек болған есірткі затына ұқсас ұнтақ тәркіленді.
№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза айқын жазылған. Соған қарамастан бақылау пунктінде сәлемдемелердің ішінен тыйым салынған заттарды анықтау фактісі жиі тіркеледі.
Күдікті азамат тыйым салынған зат ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі бойынша, яғни бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін Әуезов аудандық сотымен 2 жыл 6 айға сотталған Б. есімді сотталған туысына жеткізбек болған.
Аталған дерек тасымалды бейнетіркегішке тіркелген. Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.