Алматыда тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті ұсталды
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде тыйым салынған затты алып өтпек болған қоғамдық қорғаушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері №72 мекеме қызметкерлерімен бірлесіп Алматы облысының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Ол тергеу изоляторында жатқан інісіне 127 500 теңге ақша алып өтпек болған.
Күдіктінің інісі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы Қазақстан Респбликасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты жасады деген күдікпен ұстаған болатын.
Қоғамдық қорғаушының әрекеті жалпы бақылау камерасына тіркеліп, аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабында көзделген әкімшілік материалдар жинақталды.