Алматыда тергеу изоляторында сотталғандар Астана күнін атап өтті
Алматыда тергеу изоляторында сотталғандар Астана күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №72 мекемесінің шаруашылық жасағындағы сотталғандар 6 шілде – Астана күнін атап өтті.
Сотталғандар еліміздің ірі саяси орталығы ғана емес, маңызды халықаралық іс-шаралардың орталығына айналып отырған Астана қаласының тарихымен танысып, Астана қаласына арналған өлеңдерін оқыды.
Салтанатты іс-шара барысында жазалы жандар өз күштерімен даярлаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, Астана туралы әндер шырқады.