Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тергеу изоляторындағы шаруашылық жасақ қызметіндегі сотталғандар Жеңістің 80 жылдығын атап өтті

Алматы қаласындағы тергеу изоляторындағы шаруашылық жасақ қызметіндегі сотталғандар Жеңістің 80 жылдығын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар алдында сөз сөйлеген жасақ бастығы М.Ибраимолдаев аға ұрпақтың жанкешті еңбегімен келген жеңістің маңызы туралы сөз етті.

- Біз жеңістің қандай құрбандықпен келгенін ұмытпауымыз керек. Қан майданға аттанған 1,2 миллионнан астам қазақстандық жауынгердің тең жартысы оралған жоқ. Қаншама боздақтар майдан даласында қаза тапты. Сондықтан бұл мереке соғыс құрбандарының рухына тағзым ететін мереке, - деді өз сөзінде.

Мерекелік салтанат барысында сотталғандар екі командаға бөлініп, соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқып, ән шырқаудан, Жеңіс күніне арналған қабырға газетін шығарудан жарысқа түсті.

Конкурс жеңімпаздары мекеме бастығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру