Алматыда тергеу изоляторының қызметкерлері өткен жылы 111 қылмыстың бетін ашты
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекеме қызметкерлері 2023 жылдың ішінде
111 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ мекеменің жедел бөлімінің мамандары Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2015 жылдан бері ашылмай келе жатқан адам өлтіру фактісін анықтады.
Жыл бойы жүйелі түрде жүзеге асырылған 7 мыңға жуық тінту жұмыстарының нәтижесінде 41 факт телефон табылса, бұдан басқа да кесу-тесу заттары, ақша және спирттік ішімдіктер тәркіленіп, жеткізу әдісімен мекеме аумағына есірткілік зат өткізбекші болған 11 факт белгілі болды.
Жуырда №72 мекемеде 2023 жылғы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған жедел кеңеске Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Джумадиев төрағалық етіп, жеке құрамға Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің 22 қаңтарда Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ішкі істер органдарына берген тапсырмаларын жеткізді
Жедел кеңес барысында ҚАЖ мекемелеріндегі ұстау режимін бақылау, тыйым салынған заттардың түсу арналарын жабу, қылмыстық жазаларды орындау кезінде заңдылықтарды сақтау, жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.