Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тергеу изоляторының қызметкерлері Конституция күнін атап өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінің жеке құрамы Қазақтан Республикасының Конституциясы күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты жиында жеке құрамды құттықтаған мекеме бастығы М.Кәкімжанов Конституцияның халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналған басты құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев әріптестерін Ата заңымыз қабылданған күнмен құттықтап, тілек білдірді.

Еліміздің Ата заңының құрметіне арналған іс-шараға аталған мекемені басқарған ардагерлер шақырылып, жиналғандар алдында сөз сөйледі. Сондай-ақ бұрынғы басшылар М. Лырчиков, О.Абласанов, А.Мамиров, Б.Жүнісов және Е.Сариев өз сөздерінде қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмысқа қарсы күресте біліктілік танытып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда ардагерлердің де үлесі мол екенін тілге тиек етті.

Мерекелік салтанатқа өнер адамдары арнайы шақырылып, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі ақын, композитор Бауыржан Есебаевтың жетекшілігімен өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру