Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі уақытта ішімдік сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды

Алматыда түнгі уақытта ішімдік сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері өткен демалыс күндері шаһардың орталық бөлігінде іс-шара өткізді.

– Өткен демалыс күндері барлар, кафелер, клубтарға, сондай-ақ кешкі сағат 21.00-ден кейін алкогольдік өнімдер сататын азық-түлік дүкендеріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 37 адам ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 9 шағын дүкен әкімшілігіне түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатқаны үшін айыппұл салынды. Рейдтік іс-шаралар жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарының дабылдары ескеріліп, көрсетілген аумақтар бойынша қандай да бір құқық бұзушылықтардың жасалуына талдау жүргізілді. Жергілікті іс-шаралар, әсіресе демалыс және мереке күндері тұрақты түрде өткізілетін болады, – дейді, Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ Өмірсеріков қаланың барлық жерінде жергілікті іс-шара жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жалпы, қала бойынша қоғамдық орындарда кальян шегудің 120-дан астам дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру