Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шара өтті
Алматыда тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған "Тұрмыс-Отбасы" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есепте тұрған отбасыларды аралап, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсетуде.
- Сізге немесе сіздің жақындарыңызға қолдау қажет болса, шетте қалмаңыз - көмек сұраңыз! Отбасыдағы қауіпсіздік – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.
Спикердің айтуынша, іс-шараны жүзеге асыруға құқықтық және психологиялық көмек көрсететін сенім телефондары жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары да белсенді түрде атсалысып жатыр.
Дағдарыс орталығының телефон нөмірлері:
- "Родник" ҚҚ – 396-19-38;
- "Жан-Сая" ҚМУ – 150 (анонимді, 24 сағат) немесе 8 777 225 53 26.