Алматыда тұрмыстық техника дүкеніне шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды
Алматыда тұрмыстық техника дүкеніне шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды.
– Айғақты зат ретінде ұрланған заттар тәркіленді: негізінен тұрмыстық техника. Біздің мәлімет бойынша, күдікті Райымбек даңғылы бойында орналасқан тұрмыстық техника дүкенін тонауға және жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Белгілі болғандай, қасқөй ұрланған заттарды тұрғылықты жерінде жасырып, кейіннен сатуды жоспарлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі санкцияны таңдады, – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.