Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр

Алматыда "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһарда әрбір әкімшілік аумақты қамтып, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және қалада тұратын азаматтарды дер кезінде есепке алу мақсатында ауқымды "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтың полицияға деген сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен пәтерлерді аралап, заң нормаларын түсіндіріп, азаматтарға өзекті мәселелерді шешуге көмектесуде.

Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев 2025 жыл ішкі істер органдарында профилактика жылы деп жарияланғанын еске салды.

- Біздің жұмысымыздың негізі – "Заң мен тәртіп" қағидаты. Біз халыққа барынша жақын болып, олардың үнін естіп, әрбір шағымға жедел әрекет етуіміз қажет. Тек осылай ғана құқық бұзушылықтың нақты алдын алып, қоғамның сенімін нығайта аламыз, – деді ол.

Профилактика жылында Алматы полицейлері құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге баса назар аударып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру