Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда "Учаске" ЖПІШ жалғасып жатыр

Алматыда "Учaске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халық пен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Науқан аясында учаскелік инспекторлар көпқабатты үйлер мен пәтерлерді аралап, тұрғындар туралы мәліметтерді нақтылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қару иелерін, есепте тұрған және бұрын сотталған азаматтарды тексеріп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдауда.

– Біз ашық диалогқа дайынбыз және әр тұрғынды мұқият тыңдауға әзірміз. "Учaске" науқанының мақсаты – тек құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар полиция мен халықтың өзара серіктестік қарым-қатынасын нығайту. Тек бірлескен күш-жігер арқылы қаламызды одан әрі тыныш әрі жайлы етуге болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру