Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұландықтар тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді

Алматы қаласының қоғамдық тәртібін қадағалап жүрген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері қала тұрғынының жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 22 қаңтарда сағат 18:40 шамасында Түрксіб ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде болды. Әскери жасақ бастығы Мейіржан Әлсейіт пен патрульдеушілер Темірлан Қанатұлы, Нұрсейіт Нағимов және Данияр Аманбайұлы жол жиегінде жатқан смартфонды тауып алған. Бұл туралы әскери жасақ радиобайланыс арқылы патрульдік топ бастығына баяндады.

- Біз 4 бақылау нүктесінде тұрдық. Сол уақытта жол жиегінде қардың астында жарығы жанып жатқан телефонды байқап қалдық. Дереу патрульдік топ бастығына баяндап, иесін анықтауға тырыстық. Біраз уақыттан кейін телефонға басқа нөмірден қоңырау түсті. Біз хабарласқан кісінің смартфон иесі екеніне  көз жеткізіп, табыстадық, - деді Мейіржан Әлсейіт.

Қала тұрғыны жоғалған телефонын тауып берген ұландықтарға қырағылығы және қызметтерін адал атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру