Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Ұлттық ұлан сапына жас сарбаздар қосылды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы лек Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан жеткізілді. Жас толықтыруларды әскери бөлімнің жеке құрамы салтанатты түрде қарсы алды.

Бөлім командирі Мақсат Баймағұлов сарбаздармен арнайы жүздесіп, құттықтау сөзін айтты.

- Бүгін сіздер Ұлттық ұлан сапына қосылып, абыройлы әрі жауапты қызмет жолына қадам бастыңыздар. Әскери тәртіпті қатаң сақтап, Отанға адал қызмет етесіздер деп сенемін. Бөліміміз әрбір сарбаздың шыңдалып, нағыз жауынгер болып қалыптасуына барлық жағдай жасайды, - деді бөлім командирі.

Жас сарбаздар үшін алғашқы түсіндірме сабақтары ұйымдастырылып, әскери форма жиынтығы берілді. Енді олар жас сарбаздарды оқыту пунктінде бастапқы жауынгерлік дайындықтан өтеді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген соң, әскери ант қабылдайды.

Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Алматы қаласының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын бөліністерге бөлінетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру