Алматыда ұрлық азайды
Алматыда ұрлық саны 36,7%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Алматы қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау саны 36,7% төмендеді. Қоғамдық орындарда 662 ұрлық жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 есе аз.
– Сонымен қатар бес айда 102 бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ, өткен жылдары жасалған 140 алаяқтық фактілері анықталды. Сонымен қатар ағымдағы кезеңде жеке меншік мүлкін қоғамдық орындарда, яғни сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және т.с.с. ұрлық жасаған 35 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Сол уақытта 131 сериялық ұрылар ұсталды, олар 214-тен астам біреудің мүлкін ұрлау фактілері бойынша дәлелденді, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық ПБ-ның бастығы Қуатбек Науатов.