Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлық қылмысы азайды

Алматыда ұрлық қылмысы азайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қоғамдық орындардағы ұрлықтың алдын алу шараларын күшейтіп жатыр.

Жыл басынан бері қалада бөтеннің мүлкін ұрлау деректері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,1 пайыз азайған. Биыл криминалдық полиция қызметкерлері 20-дан астам адамнан құралған пәтер ұрыларының 6 тобын құрықтап, сонымен қатар 30-дан астам қалта ұрысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Осыған орай, криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда және көліктерде алдын алу шараларын жүргізуде. Осы іс-шаралар аясында ұрлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жазылған парақшалар мен брошюралар ілінді.

— Азаматтарды жеке заттарына, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде мұқият болуға шақырамыз. Бірлесе отырып, қаладағы қылмыс деңгейін төмендетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру