Алматыда ұрлық қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Полиция қызметкерлері жеке мүлікті ұрлады деген күдікпен 32 жастағы азаматты ұстады.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы Б.есімді азамат ұсталды. Ол Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан пиццерияның қызметтік бөлмесінен IPhone телефонын ұрлады деген күдікке ілінді. Бейнебақылау камералары ұрлықтың нақты хронологиясын анықтады: қаскөй терезеге арқылы басқа біреудің телефонын ұрлап кеткен сәт түсірілген. Күдікті оқиғаға қатысы барын жоққа шығармайды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.