Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлық саны азайып келеді

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, соңғы 5 жылда жүргізілген профилактикалық және жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұрлық қылмысы қарқынды түрде азайып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау 31,6%-ға азайды. Атап айтқанда,  телефон ұрлығы - 33,2 %, қалта ұрлығы - 11,4%, пәтер ұрлығы - 24,7 %, көлік салонынан жасалған ұрлық - 34,7% төмендеді.

- Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы полициясы қоғамдық орындарда шабуыл жасау, тонау, бөтен адамның көліктерін ұрлау, пәтерлерден тонау, автокөліктерді және жеке мүлікті ұрлаумен айналысқан 229 қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сондай-ақ 412 ұрлық жасағаны дәлелденген 264 ұры ұсталды, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру